Оставьте Ваши данные, чтобы всегда быть в курсе выгодных предложений!

 

 
Магазин: Корзина
КАТАЛОГ МЕРОПРИЯТИЙ:
КОНКУРСЫ ПЕДАГОГАМ
КОНКУРСЫ ШКОЛЬНИКАМ, СТУДЕНТАМ
КОНКУРСЫ ДОШКОЛЬНИКАМ
Новостная рассылка!
Online-консультант
Анна Анатольевна Пыхтина
Мы в соцсетях!
 
ОЗОРНОЕ ЛЕТО
Мы со спортом дружим
Новый горизонт
Публикации
Педагогика творчества
Лучшая вариативная учебная программа
"Вдохновение"
NEV! "Оч.Умелые руки"
NEV! Мой любимый питомец
"Пластилиновое чудо"
Формативное оценивание: от теории к практике
Талант-шоу
Инновационные технологии в образовании и науке

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 

XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы

9 ноября 2018 г.

Нургазина Сауле Калибековна, тарих пәні мұғалімі, Ново-Одесское ауылы, Ұлан ауданды, ШҚО, «Базылбек Ахметов атындағы  орта мектеп» КММ 

 

XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы

XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2А 

XVIII ғасырдағы Қазақстанның  мәдениеті

Мектеп:  Базылбек Ахметов атындағы орта мектеп КММ

 

Сағат саны: 1 сағат

Күні:

 

Мұғалімнің аты-жөні:

 

Сынып: 8

 

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы

(Алғашқы сабағы, 1-сабақ)

Сабақтың түрі

Зерттеу сабағы

Зерттеу сұрағы

XVIII ғасырда ақын-жыраулар шығармаларында тарихи оқиғалар қалай көрініс тапты?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

 

халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының  тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау

 

Тарихи концепт (фокус)

  • дәлел

Сабақтың мақсаты

   XVIII ғ. ақын-жыраулар туындыларын тарихи дереккөз ретінде құндылығын бағалау

Бағалау

критерийлері

 

 

 

.

  •  ХҮІІІ ғ музыка өнері  туындыларының түрлерін атайды;
  • ХҮІІІ ғ. ақын-жыраулар  шығармаларындағы тарихи оқиғаларды түсінеді;
  • ХVІІІ ғ ақын-жыраулар шығармаларының негізгі идеясын  талдайды;
  • Ақын-жыраулар  туындыларының  құндылығын  бағалайды

Тілдік мақсаттар

ХҮІІІ ғ. ақын-жыраулар туындыларын  тарихи дереккөз ретінде құндылығын зерттейді (оқылым мен жазылым дағдылары)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Тәуелсіздік, елбірлігі, Отан қорғау, ерлік, жұмылдыру, мадақтау

 

Диалог пен жазылымға пайдалы сөз тіркестері:

Ақындар мен жыраулардың шығармашылығындағы негізгі ой...

Деректерге сүйене отырып...

Деректерге сүйене отырып, қандай нәтиже шығаруға болады?

 

Құндылықтарды дарыту

Қазақ ақын-жыраулардың Елін, жерін қорғауған батырлар ерліктері мен халықты бірлікке шақырған шығармалары арқылы мемлекет тәуелсіздігін бағалай білуге, Отан тарихы мен тарихи тұлғаға деген құрметті дамыту

 

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі пәні бойынша білімдері жаңа сөздермен жұмыс және айтылым, тыңдалым, жазылым барысында қолданылады

 

АКТ қолдану дағдылары

Бейнефильм, интерактивті тақтамен жұмыс

Бастапқы білім

ХVІІІ ғасырдың басында Қазақстан жерінің Ресей империясының қол астына өте бастауы туралы біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

 

 

Сабақтың басы

          

 

 

          5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

                      (Б) Ұйымдастыру сәті. Ой шақыру.  

   БЫМ  Оқушылар келмей тұрып  сыныптың қабырғаларына, ХҮІІІ ғ. өмір сүрген ақын-жыраулардың  суреттері, жырлары,  жыраулар шығармалары туралы ақпарат пен қысқаша өмірбаяндар жазылған парақтар ілінеді. /Бұл көрнекіліктер  сабақ барысында  тапсырмаларды орындау үшін пайдаланылады/

 

     Сынып бөлмесіндегі мәліметтерге сүйене отырып, оқушылардан сабақ тақырыбы қандай болуы мүмкіндігі сұралады.

 

  • Берілген суреттер  арасында қандай байланыс бар?

     -Суреттер мен мәтіндер мазмұнына қарап  бүгінгі сабақтың тақырыбы қалай аталуы мүмкін?

 

 Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.

 

(М) Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері оқушыларға таныстырылады. Тарихи концепт  пен  зерттеу сұрағына  назар аударылады.

 

  • Тарихи концепт (фокус):  Дәлел

 

      Зерттеу сұрағы: XVIII ғасырда ақын-жыраулар шығармаларында тарихи оқиғалар қалай көрініс тапты?

Презентация

 

 

 

 

Қосымша-1

Жыраулар мен ақындар портреттері, мәтіндер

 

 

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)

3-том. –   Алматы, 2010.

Сабақтың ортасы

 

 

          2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

 

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

           5 мин

Ақпарат жинауға

 

     

 

 

 

 

          5 мин

Ақпаратты

зерделеуге

 

 

 

 

 

 

 

 

            10 мин

          Қорғауға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         

            5 мин

        Дайындауға

 

 

 

        

 

 

           6 мин

        Қорғауға

 

          

(Б) Жаңа ұғымдардың жұмыс.

     Мұғалім тақырып анықталғаннан кейін жаңа білімді игеру барысында кездесетін жаңа  ұғымдардың мағынасын  оқушы алдын-ала біліп отыруы  үшін «жұбыңды тап» тапсырмасы орындалады.  

Тәуелсіздік- бостандық, азаттық

Елбірлігі елдің татулығы, ынтымағы, достығы;

Отан қорғау-  Еліңе қауіп төнгендегі жауға қарсы іс-әрекетің;

Ерлік- батылдық, батырлық, өжеттік

Жұмылдыру- ортақ мақсаттың орындалуы үшін түсінік жүргізу, ұйымдастыру;

Мадақтау- мақтау, дәріптеу

 

Зерттеу мен талдау

 

(Т)  Мәтінмен жұмыс.

     Интерактивті тақтаға бірден алтыға дейінгі сандар жазылған ұяшықтар  шығарылады. Әр топ нөмірленген ұяшықты таңдайды.  Таңдаған нөмеріне сәйкес алты топ белгілі бір жырау туралы ақпарат жинап, зерттеуі қажет.

   Әр топ   сынып бөлмесінде ілулі материалдардан өздеріне  тиесілі  жырауға қатысты ақпараттарды (Жырау  суретін, жырларын, оның шығармашылығы туралы ақпарат пен өмірбаянын) жинап алады.

       Топ оқушылары белгіленген уақытта жинақтаған ақпаратты бірігіп оқып, мазмұнын талқылайды. Сонан соң әр топ өздеріне қатысты жырау туралы ақпаратты сыныптастарымен бөлісу үшін, сынып алдында білімдерін жариялайды. (Топ оқушылары берген ақпаратта қате мағлұматтар болған жағдайда, мұғалім ескертіп түзетіп жібергені дұрыс)

Дескриптор:

 - ХҮІІІ ғ. ақын-жырауды атайды;

- ХVІІІ ғ  ақын-жыраулар  шығармаларындағы тарихи оқиғаның  кемінде 1-уін анықтайды;

- ХVІІІ ғ  ақын-жыраулар  шығармаларындағы  негізгі  идеяны талдайды

 

Кері байланыс. Топтардың бірін-бірі бағалауы. «Екі жұлдыз, бір тілек»

 

Интерпретация

Т «Кластер»  әдісі бойынша

тірек-сызбамен жұмыс.

     Топ оқушыларына тірек- сызба таратылады. Әр топ оқушылары тірек-сызбаның ортасына өздеріне тиесілі жыраудың атын жазып, 5 сұрақ дайындайды. Топтар өздерінің дайындаған тірек- сызбаны басқа топтарға береді. Әр топ басқа топтардан дайындаған тірек-сызба тапсырмасындағы сұрақтарға  жауап жазып,  жауаптарына дәйектер дайындайды. Сонан соң сынып алдында әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

 

1-топ.  Бұқар

2-топ.  Тәтіқара

3-топ.  Ақтамберді

4-топ. Үмбетей

5-топ.  Жанақ

6-топ.  Жанкісі

 

 

Дескриптор:

- ХVІІІ ғ  ақын-жыраудың  тарихи оқиғадағы ролін дәлелдейді;

- Тарихи дереккөз  ретінде  жырау шығармасының құндылығын  бағалайды

 

Кері байланыс. Мұғалімнің бағалауы. «Смайликтер сыйлау»

 

 

 

 

 

Қосымша-2

Карточкалар

 

 

 

 

 

 

Оқулық

Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т. Қазақстан тарихы  Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2012.

 

Хрестоматия Атамұра, 2012.

 

"Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том

 

Мәтін таратпалар

(Сынып қабырғаларындағы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша-3

Тірек-сызба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың аяғы

 

 

        2 мин

Рефлексия. «Бағдаршам» 

                      -Мен барлығын түсіндім-жасыл

                    -Мен орташа түсіндім-сары

                       -Ешнәрсе түсінбедім-қызыл

 

 

 Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
 

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

         

 

Участники конкурсов:
ОБУЧАЮЩИЕ ПРОГРАММЫ
Конференции
Фестивали
Олимпиады
Публикации
Рецензии

Подать заявку

Электронный или печатный вариант

Дистанционные курсы
Курсы профпереподготовки
Электронные курсы
СБОРНИКИ
Дистанционные Мастер-классы
NEV! Изменим мир к лучшему!
NEV! Улыбнись всему миру
NEV! "Моя будущая профессия"
NEV! МЫ ЦЕНИМ - МЫ ДОРОЖИМ
NEV! "ТАЛАНТ ШОУ"
NEV! "Открытый урок"
NEV! Методическая система эффективного учителя
NEV! Золотые руки
NEV! Лучший медиаурок
NEV! 1 конференция
NEV! "Инновационные методики и технологии в обучении"
NEV! "Грани науки"
NEV! "Мастерская педагога"
NEV! "Лучшая презентация к уроку"
NEV! Золотое перо
NEV! Вторая конференция
NEV! Новые идеи
"Сто талантов"
ДИСТАНЦИОННЫЕ МАСТЕР-КЛАССЫ
Наверх
Товар добавлен в корзину