НАВИГАЦИЯ
ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 

Тулегенов Нурбек Женысбекулы, 7 "в" класс, ВКО, КГУ "Основная средняя школа № 14" акимата города Усть-Каменогорска", Октябрьский район, город Усть-Каменогорск, Казахстан

 

 

Шаламова Елена Владимировна, учитель информатики, КГУ "Основная средняя школа № 14" акимата города Усть-Каменогорска", Октябрьский район, город Усть-Каменогорск, Казахстан

 

Паскаль тілімен EXPO тарихын насихаттау

Паскаль тілімен EXPO тарихын насихаттау

Презентация "Паскаль тілімен EXPO тарихын насихаттау"

АННОТАЦИЯ

Зерттеу мақсаты:         Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ)  ұйымдастырылатын Халықаралық көрме хранологиясын қазіргі ақпараттық коммуникациондық-технологиялар арқылы қолданысқа кеңінен енгізу.

Зерттеу болжамы:        ЕХРО-ны кең көлемде насихаттауға зор үлесін тигізеді

Зерттеу кезеңдері:

  • Тақырыпты  таңдау;
  • Ғылыми  жоба  жетекшісінен  кеңес  алу  арқылы  таңдалған  тақырыпты  талдау;
  • Ғылыми  жетекші  ұсынған  және  автордың  өз  тарпынан  таңдалған  әдебиеттерді  талдау;
  • Эксперимент  жасау;
  • Ғылыми  жобаны  қорғау.

Зерттеу әдісі:  Түрлі  қайнаркөздерден  алынған  деректермен,  материалдармен  танысу  жұмыстарына  бағытталған  теоретикалық  тақырыптарды  талдау  және  зерделеу,  іс-тәжірибеде  қолдану.

Зерттеу жаңалығы:  Жылдан жылға Қазақстан жалпыға танымал ірі аймақтық форумдардың орталығына айналып келеді. Осы арқылы өзінің халықаралық беделін нығайтуда. Сондай-ақ, бүгін ол 2017  жылғы мамандандырылған ЕХРО көрмесін Орталық Азия аумағында  алғашқы болып өткізуге үміткер.

Кіріспе

 Қосымша сабақтан өткен «Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ)» тақырып үлкен қызығушылығымды тудырды. Сондықтан мен бүкіл ХКБ жайында ақпарат жинай бастадым да, Turbo Pascal  программалау тілін қолдану арқылы халықаралық көрмелер бюросының хранологиясын жасадым.

Менің ғылыми жобамның негізгі мақсаты – ХКБ хранологиясын қазіргі ақпараттық коммуникациондық-технологиялар арқылы қолданысқа кеңінен енгізуге болады.

           Менің ғылыми жобам негізгі екі бөлімнен тұрады.

            Кіріспе. Ол бір тараудан тұрады: «Дүниежүзілік ЕХРО көрмесінің тарихы» жайында. Яғни құрылуы мен мақсаттары және мүше елдер жайлы айтылған.

            І бөлім – негізгі бөлім. Ол екі тараудан тұрады: бірінші тарауда «ХКБ хранологиясы» жайында. Мұнда Халықаралық көрмелер бюросы 1851 жылдан бастап өтілгеннен кейінгі атаулы жылдарын төрт орынды сандар енгізу арқылы сол жылдары болған Халықаралық көрмелер бюросы туралы ақпараттар шығады. Ал екінші тарауда «EXPO 2017 Astana» жайында жаздым. Бұл тарауда Астана қалай таңдалғаны жайлы, «Болашақ энергиясы» тақырыбын таңдап алудағы негізгі мақсаты туралы және көрме қазақтың әлемге кенірек танытуға жол ашатыны Қазақстандық тапсырысты қолдаған жағдайда оның ел экономикасына не беретіні жайлы айтылған.

           Енді біз осы тақырыпты талдап көрейік. Бұл кейбір балаларға жаңалық болып көрінбеуі мүмкін, бірақ мұнда көптеген тың идеялар бар. Мен  төменде келтірілетін тақырыптарды бұрындары жазылған газеттерде, интернет жүйесінен жинақтадым, сондай-ақ  өзіміз қосқан үлесімізде жоқ емес. Бұл ережелерді, есептерді білгеннен кейін қызығушылықтары артып, информатиканы жақсы оқитын балалардың саны көбейеді деген үмітіміз бар.

  1.  Халықаралық көрмелер бюросы (фр. Bureau International des Exppositions, BIE) халықаралық көрмелер туралы Конвенцияның юрисдикциясына жататын (Ехро немесе Халықаралық көрме) халықаралық көрмелерді бақылау үшін жасалған мемлекет аралық ұйым болып табылады.

        ЭКСПО атауы – өзінің аты айтып тұрғандай, «экспонант» деген сөзден шыққан. Қазақшаласақ, жәдігер болады, яғни ол – жер жүзін мекендеген барша халықтардың  өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлерін көрсететін  алаң. Онда ЭКСПО –ның кезекті таңдаған тақырыбына орай жұрттың бұрынғы – соңғы жеткен жетістіктері көпшілік назарына ұсынылады.

       Құрылуы мен мақсаттары.

      Халықаралық көрмелер бюросы 1928 жылы 22 қараша айында Париж қаласында қол қойылған Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенция өтінімдерін қамту және бақылау негізінде құрылды. Оның мүшесі болып мүше – мемлекеттердің Үкіметтері болып табылады.

        ХКБ штаб – пәтері Париж қаласында орналасқан. Бюроның құрамына Бас Ассемблея президент, атқарушы коммитет, мамандандырылған комитеттер кіреді (1928 ж. 22 қарашада Париж қаласында қол қойылған Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенцияның 25 бабы).

        Мүше елдері. (Қосымша №1 қараңыз)

        Алғашқы Дүниежүзілік көрмені Лондондық Гайд-паркте, арнайы жасалған әйгілі Хрустал сарайы өткізілген уақыттан бастап есептегенде 2014 жылы 163

жыл толады.

        Бұл, қатысушы – елдер қонақтарға өз өңдірушілерінің шеберлігін және бірдей, бірақ әр-түрлі елде жасалған тауарлардың сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып, ұлттық өңдірістің заттарын бір жерде және бір мезгілде көрсетуге келісті. Дәл осы кезде сол көрмелік тұрғылар тәжірибиеге енгізіле бастады, уақыт өте келе олар міндеттіге айналып, кейін тиісті халықаралық нормативтік актілерге белгіленеді.

        Бүгінгі күннен бастап олардың тұрғысынан қарастыра келе, бүкіл әлемдік көрмелер – бұл, белгілі бір деңгейде ұлттық формалардағы шоғырланған түрде бейнеленген адамзат дамуының тарихи ретроспективасы деп пайымдауға болады.

        Дүниежүзілік  көрмелерде ұсынылған экспонаттардың талдаулары , құндылықтары мен басымдылықтарды, сондай-ақ  олардың жеке елдерде үстемдік ететін басымдылықтарымен қатынастарының жүйесі туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Осы құндылықтардың серпімділігі дүниежүзілік көрмелердің ұлттық өнеркәсіп пен  мәдениеттін дамуына белгілі бір ықпалы туралы айтуға мүмкіндік береді.

         Әр дүниежүзілік көрме экспонаттардың және идеялардың  бірегейлігімен, ұйымдастырушылар және қатысушылардың тұрғызған кешендермен павильондардың өзінділігімен, өткізілетін шаралардың көркемділігі және мерекелігімен ерекшеленеді.  (Қоысмша №2 қараңыз)

          Дүниежүзілік көрмелер өзінің ауқымы, жалпы – саяси және экономикалық  мәнділігі бойынша тендессіз оқиғалар болып табылады.

         Олардың басты мақсаты – жаңа ғылыми  - техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы – елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі.

          Олар көп жерде халықаралық экономикалық және ғылыми байланыстарының дамуы мен кеңейуіне ықпал етеді.  Дүниежүзілік көрмелер – әр-түрлі елдерде тұратын, бірақ бірдей құндылықтар, мүдделер және мақсаттарымен біріккен адамдардың араласуының бірегей мүмкіндігін сыйлайды.

          Қазірдің өзінде 63 көрме өткізілді.

          Ел ішінде ХКБ-ның өзіндік мұрасы пайда болды: Лондондағы Хрустал сарайы; Париждегі Эйфель мұнарасы; Париждегі Александр 3 көпірі; Венадағы Ротонда - әлемдегі ең үлкен күмбез астындағы павильон; Мельбурндегі патшалық көрме павильоны.

          ЕХРО бес  жылда бір өткізіледі және  алты айға созылады. ЕХРО мамандандырылған халықаралық көрмелер екі Дүниежүзілік үлкен көрмелердің аралығында өтеді. Міндетті түрде ХКБ бекіткен тақырыпқа ие болады әрі үш айға жалғасады.

1.2.   ХКБ хранологиясы

            Дүниежүзілік ЕХРО көрмесі техникалық және технологиялық жетістіктерді көрсетуге арналған ашық халықаралық алаң болып табылады.

           ХҮІІІ – ХІХ ғасырда жер шарында индустриалды төңкерістің жаңа үлгісі өмірге келді. Жер шарының назарын аударған көрме алғаш рет Англияда 1756 жылы ұйымдастырылды. Алайда Халықаралық деңгейге көтеріле алмады. 1851 жылы ағылшын ханзадасы Альберт Ұлыбританияда тұңғыш рет халықаралық  көрме ұйымдастыруды ұсынды. Бұл кезде елдің экономикасы жақсарып, сауда әлемінде  сауда – саттық  жасасуда оған тең келетін ел болмаған еді. Лондондағы 17 аптада Гайд саябағында темір мен әйнектен құрастырылған атақты «Хрустал» сарайы бой көтерді. Оның сәулетшісі – бақ күтушісі Джозев Пакстон болған. Тек сарайды көру үшін миллиондаған халық жиналды. Бірінші халықаралық көрме көптін көңілінен шығып, көптеген өнер-тапқыштардың жаңалықтары адамзаттың дамуына жол ашты. Соның бірі – барометр. Көрмені 6 миллион адам тамашалаған. Нәтижесінде ұйымдастырушыларда көп пайда тапқан.

          Көрмені өткізген қалалар ішінде Франция астанасы Париж рекорд жасап тұр, мұнда ол 1855, 1867, 1878, 1889, 1900, 1937 жылдары ұйымдастырылыпты. 1889 жылғы ЭКСПО кезінде Франция әйгілі Эйфель мұнарасын жұрт назарына ұсынған. Бүгінде бұл мұнара Париждің символы. Осы мағлұматтарды жинай отырып 1851 жылдан бастап көрмені өткізген қалаларды жинақтап Турбо Паскаль тілінде ХКБ хронологиясының программасын жасадым. «ХКБ хронологиясы» мұнда Халықаралық көрмелер 1851 жылдан бастап өткізілгеннен кейінгі атаулы жылдарын төрт орынды сандар енгізу арқылы сол жылдары халықаралық көрмелер бюросы қай жерде болғандығы және  халықаралық көрмелер бюросы туралы ақпараттар шығады.

          Программасын қарастырайық:

program EXPO;

var god:integer;                                                            

begin                                                                      

 write('EXPO дүниежүзілік көрмені өткізген жылдарды енгізіңіз:  ');            

 readln(god);                                                                 

 Case god of                                                                 

1851: writeln('1851 жылы Англияда, Лондон қаласында ХКБ өткізілді. 1851 жылы ағылшын ханзадасы Альберт Ұлыбританияда тұңғыш рет халықаралық көрме ұйымдастыруды ұсынды. Бұл кезде елдің экономикасы жақсарып, сауда әлемінде сауда-саттық жасауда оған тең келетін ел болмағанда еді. Лондонда 17 аптада Гайд саябағындағы темір мен әйнектен құрастырылған атақты «Хрусталь» сарайы бой көтерді. Оның сәулетшісі – бақ күтушісі Джозеф Пакстон болған. Тек сарайды көру үшін миллиондаған халық жиналды. Бірінші Халықаралық  көрме көптін көңілінен шығып, көптеген өнер – тапқыштардың жаңалықтары адамзаттың дамуына жол ашты. Соның бірі  - барометр. Көрмені 6 миллион адам тамашалаған. Нәтижесінде ұйымдастырушыларыда көп пайда тапқан.');                                                      

 1855: writeln('1855 жылы  Францияда, Париж қаласында ХКБ өткізілді. Көрмені өткізген қалалар ішінде Франция астанасы Париж рекорд жасап тұр.');                                                      

 1862: writeln('1862 жылы Англияда, Лондон қаласында ХКБ өткізілді. 1862 жылы Лондонда болған ЭКСПО – да жұрт алғашқы тігін машинасымен танысқан. Көрме 9 га ауданнан, 6 096 617 келушілердің саны. ');                                                     

 1867: writeln('1867 жылы  Францияда, Париж қаласында ХКБ өткізілді. Көрме 66,8 га ауданнан, келушілер саны 6 800 000, 32 мемлекет қатысты. 1867 жылы 1 сәуір күні ашылып 1867жылы 31 қазан күні жабылды Көрмені өткізген қалалар ішінде Франция астанасы Париж рекорд жасап тұр. ');                                                      

 1873: writeln('1873 жылы Автралияда, Вена қаласында ХКБ өткізілді. Көрме 25,6 га аудан, келушілер саны 7 000 000. Тақырыбы: «Ұранның мәдениеті және тәрбие». ');                                                     

 1876: writeln('1876 жылы Пенсильванияда, Филлодельфия қаласында ХКБ өткізілді. 1876 жылы АҚШ-тың Филлодельфия қаласында өткен көрмеде Александр Белла ең алғашқы телефонды жұртшылық назарына ұсынды.');                                                     

 1878: writeln('1878 жылы '1867 жылы  Францияда, Париж қаласында ХКБ өткізілді. Көрмені өткізген қалалар ішінде Франция астанасы Париж рекорд жасап тұр. ');                                                     

 1886: writein('1886 жылы Австралияда, Мелбурн қаласында ХКБ өткізілді.');                                                     

 1888: writeln('1888 жылы Испанияда, Барселонна қаласында ХКБ өткізілді. ');                                                     

 1889: writeln('1889 жылы '1867 жылы  Францияда, Париж қаласында ХКБ өткізілді. 1889 ЭКСПО кезінде Франция әйгілі Эйфель мұнарасын жұрт назарына ұсынған. Бүгінде бұл мұнара Париждің символы. ');                                                     

 1893: writeln('1893 жылы АҚШ, Иллинойста, Чикаго қаласында ХКБ өткізілді. 1893 жылы Чикагода көрмеге келушілер алғашқы газдалған сусының дәиін татты.');                                                     

 1894: writeln('1894 жылы  АҚШ, Коллифорнияда, Сан-Франциско қаласында ХКБ өткізілді. ');                                                      

 1895: writeln('1895 жылы АҚШ, Джорджияда, Атланта қаласында ХКБ өткізілді');                                                     

 1897: writeln('1897 жылы Белгиада, Брюссель қаласында  ХКБ өткізілді.');                                                     

 1900: writeln('1900 жылы Францияда, Париж қаласында ХКБ өткізілді. 1900 жылы Париж көрмесінде халық тұңғыш рет дыбысты киноны тамашалады. Көрме кезінде орыс инженері Константин Пенрский әлем жұртшылығы қолданып жүрген «телевидение» деген сөзді қолданысқа ендірген екен.');

 

1901: writeln('1901 жылы АҚШ, Нью-Йоркте (Штат) Буффало қаласында ХКБ өткізілді.');                                                       

 1904: writeln('1904 жылы АҚШ, Миссуриде, Сент – Луис қаласында ХКБ өткізілді. ');                                                     

 1905: writeln('1905 жылы Белгияда, Льёж қаласында ХКБ өткізілді. ');                                                      

 1906: writeln('1906 жылы Италияда, Милан қаласында ХКБ өткізілді. ');                                                     

 1907: writeln('1907 жылы Ирландияда, Дублин қаласында ХКБ өткізілді және де 1907 жылы АҚШ, Вегиниада,Хемптон-Роуде қаласында ХКБ өткізілді. ');                                                     

 1908: writeln('1908 жылы Францияда,Париж қаласында ХКБ өткізілді.’);                                                     

1909: writeln('1909 жылы АҚШ,Вашингтонда,Сэитл қаласында ХКБ өткізілді ');                                                      

 1910: writeln('1910 жылы Бельгияда,Брюссель қаласында ХКБ өткізілді ');                                                     

 1911: writeln('1911 жылы Италияда,Турин қаласында ХКБ өткізілді. ');                                                     

 1913: writeln('1913 жылы  Бельгияда, Гент қаласында ХКБ өткізілді.');                                                     

 1915: writeln('1915 жылы АҚШ, Калифорнияда, Сан-Франциско қаласында ХКБ өткізілді және де 1915 жылы АҚШ, Калифорнияда, Сан-Диего қаласында ХКБ өткізілді. ');                                                     

 1922: writeln('1922 жылы Бразилияда, Рио-де-Жанейро қаласында ХКБ өткізілді.');                                                     

 1924: writeln('1924 жылы Англияда, Уэмбли қаласында ХКБ өткізілді.');                                                     

 1925: writeln('1925 жылы Францияда, Париж қаласында ХКБ өткізілді.');                                                     

 1926: writeln('1926 жылы АҚШ, Пенсильванияда, Филадельфия қаласында ХКБ өткізілді.');                                                     

 1929: writeln('1929 жылы Испанияда, Барселона және Севилья қалаларында ХКБ өткізілді.');                                                     

 1930: writeln('1930 жылы  Бельгияда, Антверпен және Льеж қалаларында ХКБ өткізілді. ');                                                     

 1931: writeln('1931 жылы Францияда, Париж қаласында ХКБ өткізілді.');                                                     

 1933: writeln('1933 жылы АҚШ, Иллинойста, Чикаго қаласында ХКБ өткізілді.');  

1935: writeln('1935 жылы  Бельгияда, Брюссель қаласында ХКБ өткізілді.'); 

1937: writeln('1937 жылы Францияда, Париж қаласында ХКБ өткізілді. ');                                                      

 

1939: writeln('1939 жылы АҚШ, Нью-Йорк қаласында ХКБ өткізілді');                                                      

 1958: writeln('1958 жылы Бельгияда, Брюссел қаласында ХКБ өткізілді.');                                                     

 1962: writeln('1962 жылы АҚШ, Вашингтонда, Сиэтл қаласында ХКБ өткізілді.');                                                     

 1964: writeln('1964 жылы АҚШ, Нью-Йорк қаласында ХКБ өткізілді. ');                                                     

 1967: writeln('1967 жылы Канадада, Монреаль қаласында ХКБ өткізілді.');                                                     

 1968: writeln('1968 жылы АҚШ, Техаста, Сан-Антонио қаласында ХКБ өткізілді.');                                                     

 1970: writeln('1970 жылы Жапонияда, Осака қаласында ХКБ өткізілді.');                                                     

 1974: writeln('1974 жылы АҚШ, Вашингтонда, Спокан қаласында ХКБ. ');                                                     

 1975: writeln('1975 жылы Жапонияда, Окинава қаласында ХКБ өткізілді.');                                                     

 1982: writeln('1982 АҚШ, Теннессиде, Ноксвиль қаласында ХКБ өткізілді. ');                                                     

 1984: writeln('1984 жылы АҚШ, Луизианада, Новый Орлеан қаласында ХКБ өткізілді.');                                                     

 1985: writeln('1985 жылы Жапонияда, Цукуба қаласында ХКБ өткізілді. ЕХРО-1985 Бүкіләлемдік көрмесі 1985 жылғы 17 наурыздан 16 қыркүйекке дейін жапондық Цукуба қаласында өтті. Көрменің тақырыбы – Адам тұрмысын жақсарту үшін ғылым мен технологияларды дамыту.» ЕХРО-1985 ресми символы – Cosmo Hoshimaru. Көрме техникалық «Диснейлендке» ұқсады. Көрмеде роботтар басым болды. Экспозиция 3500 шаршы метр аумақты алды. Көрмеге жалпы 20 млн. Адам келді және 111 мемлекет қатысты.  ');                                                     

 1986: writeln('1986 жылы Канадада, Ванкувер қаласында ХКБ өткізілді. ЕХРО-1986 –Ванкувер қаласының жүз жылдығына орай 1986 жылғы 2 мамыр мен 13 қазан аралығында өткізілген ІІ санатты дүниежүзілік көрме. ЕХРО-86 ресми символы Эрни болды. Ол адамға ұқсас робот. Он жылдар өтсе де, ол Ванкувердегі танымал символдардың бірі болып табылады.  Көрменің тақырыбы: «Көлік және байланыс: қозғалыстағы және байланыстағы әлем» Қатысушы елдер саны жүзге жуық, ал келушілер қатары 6,5 млн. Адамды құрады. 1986 жылғы Экспоны 1986 жылғы 2 мамырда ханзада Чарльз Уэльский, ханшайым Диана Уэлская және  премьер-министр Брайан Малрони ашты.');                                                      

1988: writeln('1988 жылы Австралияда, Брисбен қалаында ХКБ өткізілді. Жасыл құрлықта өткен бүкіләлемдік алғашқы көрме Австралиядағы Брисбен қаласында 1988 жылғы 30 сәуір – 30 қазан аралығында ұйымдастырылды. Көрме тақырыбы – «Техника ғасырындағы бос уақыт». 1988 жылғы көрме символы ЕХРО өз аталатын австралиялық platypus. Оны әзірлеген Диснейдің Imagineering бөлімшесі. ЕХРО-1988 көрмесін 30 сәуір күні Австралия Корольдігінде Элизабет ІІ ашты. Жәрмеңке 18 млн. Астам келушіні тартты. ЕХРО-1988 көрмесі Квинсленд қаласын Австралияның дамыған қаласына айналдырды. Көптеген мүсіндер мен ғимараттар бүгінгі күнге дейін сақталды. ЕХРО-88 52 үкіметтен 100-ге жуық павильонды тартты. Көрмеге көптеген елдер қатысты.');                                                       

 1992: writeln('1992 жылы Испанияда, Севилья қаласында ХКБ өткізілді және  де 1992 жылы Италияда , Генуя қаласында ХКБ өткізілді. ЕХРО-1992 Испанияның Севильес қаласында 20 сәуірден 12 қазанға дейін өтті. Көрменің басты тақырыбы – «Жаңалықтар ғасыры». Оның символы – Curro болды. Curro- ұзын тұмсығы, түрлі-түсті айдары, пілдің аяғы бар үлкен ақ құс. Оны жасаған неміс жобалаушысы Хайнц Эделман. ЕХРО-1992 Христофор Колумбтың (1492-1992) Американы ашқандығына 500 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Көрмені өткізуге Чикаго қаласы да қатыспақ болды, дегенмен қаржыландырудың жеткіліксіз болғандығынан аталмыш қала қатыспады. 215га аумақта 100-ден астам ел қатысты. Халықаралық көрме бюросының мәліметтері бойынша, келушілердің саны 41 814 571 адамды құрады.');                                                     

 1993: writeln('1993 жылы Оңтүстік Кореяға, Тэджон қаласында ХКБ өткізілді. ЕХРО-93 бүкіләлемдік көрмесі Оңтүстік Кореяның Тэджон қаласында 1993 жылғы 7 тамыздан 7 қарашаға дейін жалғасты. Көрменің тақырыбы – дамудың жаңа жолын таңдау. Осы жылы өткен ЕХРО-ның басты символы – ғарыштан келген Кудмори сәбиі. Символды ойлап тапқандардың пікірінше, сәби техникалық жаңғыртуға жетелеуі керек. Кудмори адамның ғылым мен техника туралы арманын бейнеледі. ЕХРО-93 мақсаты – түрлі елдердің қоршаған әлемді танып білудің ғылыми- техникалық әдістерін әзірдеуге әртүрлі елдердің қосқан үлесін көрсету, адамның қоршаған ортаны қорғау арқылы болашақ алдындағы жауапкершілігін көрсету болып табылады. ЕХРО-93 ашылуына ЕХРО Bridge көпірі салынды. Өткізілген орны үш бас облыстан тұрды – халықаралық, корпоративтік және саябақтың қызықты зонасы. Мамандандырылған көрме болғандықтан, халықаралық зонадағы павильондардың көбі дайын болып, бағдарлама уақытына түрлі халықаралық қатысушыларға жалға берілді. Жүз сегіз мемлекет Тэджонда бұрын-сонды өтпеген ірі көрмелердің бірі ЕХРО-93 көрмесіне қатысты. Корпоративтік зона да  ерекше сиқырға ие болғандай. Корейліктер әдемі сәулет, мазмұнды көрме ұйымдастырды. Сондай-ақ, ЕХРО символы «Kumdori» құрметіне Kumdori Land қызықты саябақ зонасы да сән-салтанатымен қызықтырды. Көрменің орталығы – биіктігі 93 метрлік pinnacled Hanbit немесе Үлкен Жарық Мұнарасы. Жалпы ЕХРО-93 көрмесі үлкен технололгиялық көрсетілімдер арқылы танымал болды.');                                                     

 2008: writeln('2008 жылы Испанияда, сарагоса қаласында ХКБ өткізілді');  

 

 1998: writeln('1998 жылы Португалияда, Лиссабон қаласында ХКБ өткізілді');                                                     

2000: writeln('2000 жылы Германияда, Ганновер қаласында ХКБ өткізілді. 2000 жылы Ганноверде ұйымдастырылған көрме кезінде көрмені тамашалаушылар үшін күніне 261 мың билет сатылады деп шамаланғанымен бұл жоспар орындалмай қалған деседі. Ал кейбір сарапшылардың есебінше, осы көрмеге қатысқан Нидерланды елі өз жетістіктерін көрсету жолында 35 миллион доллар шығынданыпты. Дегенмен жетістіктерін қажетті дәрежеде көрсете алуының арқасында кейін елге тартылған инвестиция арқылы Нидерланды бұл шығынын 10 есеге дейін өндіріп алған көрінеді.');                                                       

2004: writeln('2004 жылы Францияда, Сена-Сен-Дени қаласында ХКБ өткізілді.');                                                      

 2005: writeln('2005 жылы Жапонияда, Нагоя қаласында ХКБ өткізілді.');                                                     

2010: writeln('2010 жылы Шанхайда ХКБ өтілді. «Шанхай Экспо – 2010» 189 мемлекет пен 57 халықаралық ұйым қатысты. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары бұданда жоғары сандарды атап қояды. Бұл-осы көрменің бүкіл  тарихындағы рекордтық көрсеткіш. «Экспо-2010» көрмесі 1 мамырдан бастап, 31 қазанға дейін жалғасады. Көрмедегі Қытай павильоны «Шығыс тәжі» деп аталады. Мұнын символдық мәні бар. Шығыс елдерінің еңсесі көтеріліп, іскерлік әлемінде жетекші болуға ұмтылыс танытқанының көрінісі деуге болады. Көрме Хуанпу өзеніндегі Нанпу мен Лупу көпірлерінің арасына орналасқан. Жалпы көлемі 5,28 шаршы шақырымды қамтиды.');                                                      

 2012: writeln('2012  жылы Оңтүстік Кореяда, Йосу қаласында ХКБ өтікізілді.');                                                     

 2017: writeln('2017 жылы Қазақстанда, Астана қаласында ХКБ өткізіледі.');                                                     

 2020: writeln('2020 жылы көрмені өткізу үшін Аютхтхая (Тайланд), Дубай (БАӘ), Измир (Түркия), Сан-Паулу (Бразилия) және Екатеинбург (Ресей) қалалары бақ сынасады.');       

else

writeln (‘ЕХРО дүниежүзілік көрменің өткізілген  жылдарды енгізіңіз: ’)                                              

 end;                                                                        

readln;                                                                    

end.                                                                         

 

Жауабы:

ЕХРО дүниежүзілік көрменің  өткізілген жылдарды енгізіңіз:    1992

 '1992 жылы Испанияда, Севилья қаласында ХКБ өткізілді және  де 1992 жылы Италияда , Генуя қаласында ХКБ өткізілді. ЕХРО-1992 Испанияның Севильес қаласында 20 сәуірден 12 қазанға дейін өтті. Көрменің басты тақырыбы – «Жаңалықтар ғасыры». Оның символы – Curro болды. Curro- ұзын тұмсығы, түрлі-түсті айдары, пілдің аяғы бар үлкен ақ құс. Оны жасаған неміс жобалаушысы Хайнц Эделман. ЕХРО-1992 Христофор Колумбтың (1492-1992) Американы ашқандығына 500 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Көрмені өткізуге Чикаго қаласы да қатыспақ болды, дегенмен қаржыландырудың жеткіліксіз болғандығынан аталмыш қала қатыспады. 215га аумақта 100-ден астам ел қатысты. Халықаралық көрме бюросының мәліметтері бойынша, келушілердің саны 41 814 571 адамды құрады.

 '1992 жылы Испанияда, Севилья қаласында ХКБ өткізілді және  де 1992 жылы Италияда , Генуя қаласында ХКБ өткізілді. ЕХРО-1992 Испанияның Севильес қаласында 20 сәуірден 12 қазанға дейін өтті. Көрменің басты тақырыбы – «Жаңалықтар ғасыры». Оның символы – Curro болды. Curro- ұзын тұмсығы, түрлі-түсті айдары, пілдің аяғы бар үлкен ақ құс. Оны жасаған неміс жобалаушысы Хайнц Эделман. ЕХРО-1992 Христофор Колумбтың (1492-1992) Американы ашқандығына 500 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Көрмені өткізуге Чикаго қаласы да қатыспақ болды, дегенмен қаржыландырудың жеткіліксіз болғандығынан аталмыш қала қатыспады. 215га аумақта 100-ден астам ел қатысты. Халықаралық көрме бюросының мәліметтері бойынша, келушілердің саны 41 814 571 адамды құрады.

           2. ЕХРО 2017 Astana     

             Қазақстан  Халықаралық көрмелер бюросы ұйымының қатарына мүшелікке 1997 жылы қабылданып, ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап белсенді қатысып келеді.  Атап айтар болсақ, 2005 жылғы ЕХРО көрмесі Жапонияның  Аичи қаласында, 2008 жылы Испанияның Сарагоса қаласында өтті.

           2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб пәтеріне Қазақстан Үкіметі Астанада ЕХРО 2017 көрмесін өткізу туралы өтінімін тапсырған болатын. Содан бері Қазақстан ЕХРО-2017 Astana көрмесін өткізуге үміткер ретінде сайлау науқанын айтарлықтай табысты өткізді. Соның нәтижесінде 22 қарашада Халықаралық көрмелер бюросына мүше 157 елдің  135-інің жасырын дауысын беруі нәтижесінде  ЕХРО -2017 көрмесін өткізуші үміткер  елдің есімі белгілі болды. Ол – Қазақстан, көрмені өткізу құрметіне елордамыз Астана ие болды.

           Әрине, бүкіл әлем алдында мемлекеттің бар жетістігін жайып салып , қуат күшімізді дүйім жұртқа паш ету онай шаруа емес. Мұның үстіне халықаралық көрмелер бюросының талаптарына сәйкес, көрмені өткізуге белгіленген  үш ай ішінде Астана қаласы әлемнін 100 мемлекетінен 5 миллионға жуық жиһангезді қабылдай алатындай қауқарлы болуы керек екен.

           Ал, бұл, сөз жоқ, алдағы 3 жылдың еншісіндегі әзірлікке тікелей байланысты. Тағы бір мақтан тұтар – «ЕХРО-2017 Astana» көрмесі ТМД елдері мен орталық Азия аумағында өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме. Олай болса, Қазақстанды алдағы 3 жыл көлемінде қыруар дайындық шарасы күтіп тұр. Міне, сынға түсер маңызды сәтте нақ осы. Ұлттық құндылығымызды лайықты жария етіп, әлем алдында қазақ халқының абыройын асқақтатуға жазсын.

           2017 жылға дейін Астанада халықаралық көрмеге лайықталып ондаған ғажайып ғимараттар бой көтеретін болады.

            Қазақстан 1997 жылы халықаралық көрмелер бюросының мүшесі болып қабылданған. Көк туымыз тұңғыш рет Лиссабонда өткен «ЭКСПО-ның» халықаралық мамандандырылған көрмесінде көтерілді. 2005 жылы Жапонияның Анчи қаласында бірінші рет отандық экспозиция қойылса, 2008 жылы Испанияның Сарагос қаласында Қазақстандық павильоны  3-орын алды. 2010 жылы Шанхай қаласындағы көрмеде қазақстандық павильонды жарты миллионнан астам адам тамашалап, еліміздің жетістігімен танысты. Осындай баспалдақтан өттік.

           Астана мұндай табысқа онай жолмен жеткен жоқ. Әлемнің бірнеше

қаласы үміткер болған бәсекеде Қазақстанның абыройы асқақтағы. 22 қарашадағы Халықаралық көрмелер бюросының бас ассамблеясының 152-ші отырысына қатысқан әлемнің 148 мемлекетінің өкілдерінің 103 –і Қазақстанды қолдап дауыс берген.

            Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев мұндай жетістікке жетуді «Астананың жетістікке жетуі онайға келген жоқ. Оның қарсыластарыда

 мықты болуыда тегін емес. Біріншіден ,біздің астананың орталықта болуы , оқиғаның әлемдік рангта болуынан қабылданды.Екіншіден, Қазақстанды таңдау біздің мемлекеттің жоғарғы жетістігін бағалап,Еуразия барлық даму аймағындағы деңгеиінің өрлеу мүмкіндігі. Үшіншіден, жеңіске жетудің маңыздылығы бізге міндеттелген тақырып – «Энергияның Болашағы».  Ал сонғысы, негізгісі Астананы таңдау барлық қазақстандық халықтардың игілікті ісі» деуі тегін емес.

           Көрме орталығы елорданың оңтүстік-шығыс бөлігінде салынады. Оның көлемі 113 га құраса, 25 га кешен орталығы, қалған бөлігі көлікке арналған орын болмақ. Көрмеге қатысушыларға арналған 1050 пәтерлік қалашық бой көтереді. Тұрғын үй кешені болашақта Астана меншігіне өтіп, ел игілігіне пайдаланады. Жоспар бойынша жаңадан 15 бесжұлдызды және 25 3-4 жұлдызды қонақүйлер бой көтермек. Сондай-ақ әуежайда қайта жөндеуден өтіп жанарту жоспарда бар.  (Қосымша №3 қараңыз)

          2017 жылдың 10 маусымында ашылатын  көрме 3 айға созылып, еліміздің зор жетістігін әлемге паш еткелі отыр. Бұл барша қазақстандықтар үшін үлкен мереке, толағай табысымызды әлемге көрсетудің бір жолы, бейбіт әрі байқуатты  ел екендігімізді өзгелерге өнеге ете алатын сәт болмақ. «Жыл жобасы» деуге болатын көрмеге дейін еліміз талай асуды алары да даусыз.

          2017 жылы өтетін Астана ЭКСПО-сы сөз жоқ, адамзат санасын дүр сілкіндіреді деген үміт бар. Себеп – елордамыздағы көрме Елбасы ұсынысымен «Болашақтың қуаты» деп аталып отыр. Астана көрмесінде Табиғат – Анаға залалсыз «жасыл технологиялар» алдынғы орынға шықпақ. Ең бастысы, ЕХРО-2017 қазақ елінің, оның елордасы – ару астананың абыройын асқақтата түсері анық. Біз соған қуанамыз.

Жоғарыда айтқандай, энергетика және экология мәселелері ерекше маңызға ие. Тақырып энергия үнемдеу  мәселесін және күн,жел энергиясы және теңіз,мұхит,термальды судың енергетикалық ресурстары сияқты балама энергия көздерін енгізу мәселесін кеңінен ашуға мүмкіндік береді.

           Бұл бағытта жаңа технологияларды іздеу ел үшін басым міндет және ҚР Үкіметінің қолдауымен іске асырылады.Жаңадан құрылған «Назарбаев университетинде»бейіндік зерттеу орталығы,соның ішінде Баламалы энергия орталығы құрылған. Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және БҰҰ Даму Бағдарламасының «Қазақстан жел энергетикасы нарығын дамыту бастамасы» жобасы  шеңберінде Қазақстан Республикасында 2004 жылдан бері жел энергетикасын дамытуға бағытталған айқын жұмыстар жүргізілді. Республиканың әр облысындағы  10 аланыңда желдің әлеуеті зерттелді. Олардың сегізі  бойынша алдын – ала зерттеулер өткізілді. Барлығында жобаларды табысты жүзеге асыру үшін жаранды орташа жылдық желдің жылдамдығы (56 м/с шамасында ) бар екені расталды.

           ЕХРО көрмелерінің өткізудегі мақсаттың бірі, ол көрмелерде ұсынылған технологияларды өмірге енгізу болып табылады.

Энергетика саласын да Қазақстанның ірі әлеуетін ескере отырып,

            ЕХРО 2017 көрмесіне ұсынылған жетістіктер өндіріске табысты енгізілетін болады.

            Сонымен қатар, ЕХРО 2017 көрмелік павильондардың бөлігі баламалы көздердің электр энергиясымен, мысалы, миннигелеостансы есебінен жабдықтауды жоспарлап отыр.

            ЕХРО 2017 өткізу елорданыңда, тұтас республиканыңда экономикалық және инфроқұрылымдық дамуы үшін қосымша ынталандыру болады.

           Астанадағы шағын және орта бизнес, ең алдымен қызмет көрсету саласында қонақүй бизнесі мен ішкі туризмді дамытуға елеулі әсер етпек. Бұл шара көрме нысандары мен елорданың инфрақұрылымын салуға айтарлықтай жеке инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

           Көрме әлемді қазақстандықтардың көпұлтты  мәдениетімен, көне тарихымен, өнерімен, дәстүрімен және қонақжай мінезімен таныстыруға жол ашпақ, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы танымалдылығы мен тартымдылығымен жоғарылатады.

           Елорданың мәдени дамуы да маңызды іс. ЕХРО өткізу кезінде Астана қаласы дүниенің әр бұрышынан келген әртүрлі мәдениетпен үндеседі. Күн сайын көрме аумағында концерттер, шоу, Ұлттық Күндер және басқа ойын-сауық шаралары өтетін болады.

            Турситер мен көрмеге қатысушылардың айтарлықтай мол саны оларға қызмет көрсетуші жеке кәсіпкерліктің белсенді дамуына жол ашады. Өйткені келушілерге тұратын орын, сапалы тамақ, аудармашылар, экскурсиялар мен ойын-сауық қажет болады. Сондықтан қосымша жұмыс орындары мен табыс мүмкіндіктері пайда болады.

            Кіші және орта бизнес иелері үшін Астанадағы ЕХРО 2017 көрмесін өткізу жаңа энергия сақтау технологиялармен танысуға және кейіннен оларды енгізуге, инвесторлар мен бизнесті одан әрі дамытуға идеялар іздеу үшін тамаша мүмкіндік бола алады.

            Студенттер мен жоғары сынып оқушылары үшін бұл тамаша тіл ұстарту практикасы, жетекші әлемдік ғылыми мектептермен танысып, бұдан былайғы кәсіби өсу үшін идеялар табу мүмкіндігіне айналады.

           2011 жылы Қазақстан ішінде халықаралық алаңдар негізінде ЕХРО 2017 жобасы бойынша ақпараттық имидждік жұмыс жүргізілді. Бұл Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Еуропа қайта  құру және даму банкінің  жылдық  жиналысы, Дүниежүзілік қазақтар құрылтайы, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы, Еуропалық болашақ энергиясы форумы, сондай-ақ Қазақстанда Еуропалық  компаниялар қауымдастығының дөңгелек үстелі, Орталық Азия мен ТМД-дағы жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша өңірлік конференция сияқты  қоғамдық алаңдар.

           Сонымен бірге бес тілде (қазақ, орыс, ағылшын, француз, испан) арнайы www.expo2017astana.com интернет ресурс құрылды.

           Қазақ – орыс және ағылшын-француз тілдерінде ЕХРО 2017 арнайы кітапшасы, сондай-ақ бұқаралық ісшараларға арналған ақпараттық флаер

 шығарлды.

           2012 жылғы 11 қаңтар мен 10 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министлігі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) қолдауымен Астана қаласында ЕХРОхЕХРОS «Көшпелі көрмесін» өткізді. Екі ай бойы Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары ЕХРО тарихында өткен көрмелердің ахуалын сезіну мүмкіндігіне ие болды.

2017 жылы, енді небәрі 3 жылдан кейін зу етіп келіп қалатын ЭКСПО елдіктің ерен сынағы екенін әрбір қазақстандық көкірегіне түюге тиіс.

         ЭКСПО- бүкіләлемдік көрме. Оның өткізу мүмкіндігі елге жүз жылда бір рет қана берілуі мүмкін. Кей елдерге жүз жылдапта берілмеуі де мүмкін. Қазақстан – сондай мүмкіндікке тәуелсіз дамуының алғашқы ширек ғасырында-ақ  қол жеткізген сирек елдердің бірі. Осы табысымыз арқылы біз Астананың 20 жылдығына қазірден тамаша сый дайындап жатырмыз. ЭКСПО-2017  - мемлекетіміздің мығымдығын, еліміздің енселілігін, ойымыздың тереңдігін, халқымыздың қонақ жайлылығын, айналып келгенде ұлттық ұлылығын көрсететін тұс. Дәл солай боларына сенеміз.

          Сөз басында айтып өттік, бірінші Дүниежүзілік көрме Лондонға әйгілі Хрусталь сарайын қалдырған. Париждегі Эйфель мұнарасы 1889 жылғы көрменің баға жетпес жәдігері болған. «ЭКСПО» көрмесін қабылдаған барлық мемлекетте осындай айшықты қолтаңба қалып келеді.

         Ал, Астана ғалам жұртшылығына «Болашақтың энергиясы» жобасын ұсынбақ. Жалпы, тек Қазақстанды ғана емес, әлемді жаңғыртуға қабілетті жобалар ұсынып келе жатқан Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастамасымен тұсауы кесілгелі отырған бұл жоба Астана жеңісінен кейінгі екі-үш күн ішінде әлемдік деңгейдегі энергетик-мамандардың қызығушылығын тудырып, оң бағасына ие болуда.

         Қысқасы, айналаға зиянсыз, қайманаға пайдалы баламалы энергия көзін қолданысқа енгізу мүмкіндігін дәлелдейтін боламыз. Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде ҚР Президенті Н.Назарбаев:

– Сіздер білетіндей, Қазақстанда дәстүрлі ресурстардың – мұнайдың, газдың, көмірдің, уранның мол қоры бар. Сонымен қатар, біз баламалы энергия көздерінің қуатты әлеуетін ашуға ұмтылудамыз. Қазақстан экономиканы жасылдандыруға бағыт ұстап отыр, – деген болатын.

          Қазақстан ұсынған бұл жобаның өміршеңдігіне көрменің Астанада өтуіне сенім білдірген мемлекеттердің даусы кепіл. Және, бұл сенім – біржолғы көрмені ұйымдастыру мүмкіндігімізге ғана емес, Қазақстан дамуының серпініне берілген баға.

         Бұған дейін бітімгерлік алаңы болып келген ару Астана ендігі жерде жаһандық өркениет жаршысына айналмақ!

   Қорытынды     

        Өз басым  Турбо Паскаль программалау тілін оқып үйренгеннен бері информатика пәніне деген көзқарасым түбегейлі өзгерді. Себебі, бұғанға дейін информатика пәнін қиын пәндердің тізіміне қосып келгенмін, енді оны өте қызықты пән деп есептеймін.

        Болашақта информатика пәнінен олимпиадаларға қатысамын деген оймен осындай есеп құрастырдым. Болашақта информатика пәніне байланысты әртүрлі олимпиадаларға, конкурстарға қатысамын деген ойдамын.

        Қазіргі таңда мұндай тақырыптар біз тек қосымша сабақтар, сондай-ақ олимпиадаға дайындалу барысында ғана қарастырамыз. Бұл тақырыптар күнделікті сабақтың жоспарына енгізілсе деген ұсыныс – тілегім де жоқ емес. Өзім келешекте тек қана Турбо Паскаль программалау тілін пайдаланып әлі де талай қызықты сабақтан тыс программалар құрастырғым келеді. Себебі, бұл білгендерімнің бәрін болашақта іні-қарындастарым жан-жақтан іздемей, күнделікті сабақта оқуы керек қой.

        Мектептегі информатиканы жақсы көретін балалардан осы  арман-ойларым жайлы сұрастырғанда, олардың да осы тақырыптарға қатысты қызығушылықтары  жоғары екені байқалды.

        Сөзімнің соңында «Жаралыс басы қозғалыс, Қозғауға керек қолғабыс» - деген Шәкәрім атамыз айтқандай, өзімізше қозғалыс бастадық деген ойдамыз. Қолғабыс білдіремін, пікір қосамын деуші кез келген адамды тыңдауға әзірміз.

  Іздену  жұмыстарымыз  бен  зерттеу  жұмыстарымыз  көрсеткендей.        
Пайдаланған  әдебиеттер

Интернет желісі:

  1.  https://ru.wikipedia.org/wiki/
  2. http://www.bie-paris.org/
  3. http://www.expomuseum.com/
  4. Всемирная выставка 1855 года Изобразительное искусство
  5. en.wikipedia.org/wiki/Centennial_Exposition
  6. expo2017astana.com
  7. www.akorda.kz/ru/page/page_expo-2017-v-astane
  8. expo-2017.kz
  9. kk.wikipedia.org/wiki/Дүниежүзілік_көрме_(2017)
  10. zhasorken.kz
  11. news.nur.kz

 

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину