ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 
26 апреля 2024 г.

Сансызбаева Дамелі,11 класс, Назарбаев Интеллектуальная школа, г. Усть-Каменогорска, Казахстан, Восточно-Казахстанская область, г. Усть-Каменогорск.

Руководитель: Махатпаева Алмагуль Турсынгазиновна, Учитель казахского языка и литтературы, Назарбаев Интеллектуальная школа, г. Усть-Каменогорска, Казахстан, Восточно-Казахстанская область, г. Усть-Каменогорск.

Эссе «Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар»

Эссе «Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар»

      Планетамыздың қауіпті қалдықтармен ластануы өзекті мәселе болып табылады. Осы проблема әрбір елде көтеріліп, қызу талқылануда. Жердің ластануы болашақ ұрпақтардың болмысына әсер ете алады. Табиғи тұрақтылықты сақтау үшін қандай шараларды қолдану керек?

      Жердің ластану мәселесі адамзаттың тарихи дамуымен тікелей байланысты. Индустрияландыру кезенінде біршама зауыттар мен фабрикалар қаланып, экология аспектісі ойластырылмаған. Уақыт өте келе, адам баласы табиғат ахуалы жайлы ойлана бастады. Қазіргі кезде, жер ластануымен қатар, су және ауа ластануы, жаһандық жылыну, су деңгейінің көтерілуі байқалады.

Жер планетасының қауіпті заттармен  ластануы бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтың бірігуін қажет етеді. Осыны қамтамасыз ету үшін ел басшыларын бірге жинап, ядролық өнеркәсіпке шектеулер қою қажет. Осындай ядролық қарудың таралмауы жайлы келісімнің бір мысалы  ретінде  Нью-Йорк қаласындағы 1968 жылы қабылданған келісімшартты атағым келеді.  Бұл келісімге 190 елдің басшылары қол қойып, жаһандық тұрақтылыққа үлес қосты.

        Менің ойымша, ластану мәселесін түбегейлі шешу үшін кісілердің адамгершілігін ояту керек. Жазушылар, әншілер және басқа қоғам қайраткерлері  аталған мәселеге байланысты  үнемі халықтың  санасын оятумен  болған. Мысалы, Думан Рамазанның «Соңғы дем» әңгімесінде Семей ядролық полигонының жарылыстарынан зардап шеккен бір ауылдың тұрғындары мен Нүркен отбасының тас-талқан болған тағдылары баяндалады. Жарылыстар қалалар мен ауылдарды қиратып, барлық тіршіліктің көзін жойған. Яғни, осындай  керемет туындылар арқылы  табиғатқа сыйластықпен қарауды насихаттауға болады.

         Қорытындылай келе, жердің зиянды заттармен ластануы адам баласымен басталған және де адамзаттың  игі істерінен шешімін тауып, оңтайлы аяқталуын қажет ететін үрдіс. Сондықтан «Көп көтерген жүк жеңіл» демекші,  әрқашан бірлесе атқарған  жұмыстың нәтижелері табысты, жемісті  болмақ.

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину